Ақтауда жол жиегіндегі техникаға соқтығысқан көлік жүргізушісі қаза тапты

25.10.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі жолдың шетінде тұрған тиегіш техникамен соқтығысқан. 

Жол апатының салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Бір жолаушы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. 

- Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін, жылдамдықты және жолаушыларды тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы ауыр және орны толмас зардаптарға әкелуі мүмкін, - делінген хабарламада.

Бұған дейін, Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, 12 адам қаза тапқан болатын

Бүгін Ақтөбедегі жол апатынан зардап шеккен үш адамның облыс орталығына жеткізілгені белгілі болды.

View this post on Instagram

A post shared by Ресми №1 парақша (@hype_aktau)

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью