Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
– 2026 жылғы 23 сәуір күні шамамен сағат 10:30-да ЗПДиПТВС №1 цехында кәсіпорын қызметкерлері – Байсагенов Е.Н. және Карабалаев Е.А.-мен жазатайым оқиға болды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, аталған қызметкерлер ГТПИ-3 негізгі конденсаторын (КО) қышқылмен жуу жұмыстарын жүргізген. Тұз қышқылы ерітіндісін беру қышқылды айдау сорғысы арқылы шлангпен жүзеге асырылған. Жұмыс аяқталып, сорғы ажыратылғаннан кейін шлангіні шешу (демонтаждау) барысында тұз қышқылы ерітіндісінің шашырауы (шығуы) орын алып, нәтижесінде ерітінді тамшылары қызметкерлердің бетіне және көз аймағына тиген, - делінген Мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі комитет хабарламасында.
Зардап шеккендер жедел түрде Ақтау қаласындағы Маңғыстау облыстық ауруханасына медициналық көмек көрсету үшін жеткізілді.
– Аталған жазатайым оқиға туралы жұмыс беруші белгіленген тәртіппен Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментіне хабарлаған. Қазіргі уақытта алынған жарақаттардың ауырлық дәрежесі туралы медициналық қорытынды күтіліп отыр, - деп толықтырды Мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі комитет өкілдері.
Оқиға бойынша тергеп-тексеру мемлекеттік еңбек инспекторының қатысуымен арнайы тергеп-тексеру нысанында жүргізіледі.
– Алғашқы медициналық тексеру нәтижелері бойынша Байсагенов Е.Н. және Карабалаев Е.А.-ның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Байсагенов Е.Н.-ді тексеру барысында көру органдарына зақымдану белгілері анықталмаған, көздерінің жағдайы қалыпты, осыған байланысты ауруханаға жатқызылмай, үйіне жіберілді.
Карабалаев Е.А.-ның жағдайы да қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Сонымен қатар қосымша тексеруден өту мақсатында ол Алматы қаласындағы мамандандырылған офтальмологиялық мекемеде тереңдетілген тексеруден өтуді жоспарлап отыр және осы мақсатта аталған қалаға ұшуды көздеуде. Қазіргі кезде екі қызметкердің де жағдайы тұрақты, өміріне және денсаулығына қауіп жоқ, - деді зардап шеккен жұмысшылардың жағдайы туралы хабарлаған Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте жылыту маусымында 12 адам газдан уланып көз жұмғанын жазған едік.