Ақтаудағы сарбаздың өліміне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

13.05.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Ақтау гарнизонындағы әскери бөлім сарбазы Р. Жайғалиевтің қаза болуына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, сотқа жолданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға биылғы 17 ақпанда болған. Тергеу мәліметінше, әскери бөлім командирі қызметтік міндеттерін тиісінше орындамаған. Атап айтқанда, жеке құрамды бақылау мен қару қолдану тәртібін қамтамасыз етуге қатысты жарғылар мен ведомстволық талаптарды сақтамағаны анықталған. Соның салдарынан қайғылы жағдай болған.

Бас әскери прокуратураның хабарлауынша, әскери прокурорлардың тұрақты бақылауы мен жедел-тергеу тобының үйлесімді жұмысының арқасында қысқа мерзім ішінде қажетті дәлелдер жиналып, сот сараптамалары жүргізілген.

Тергеу аяқталып, іс соттың қарауына жіберілді.

Сонымен қатар, барлау-шабуыл батальонының командирі, оның орынбасары және рота командирі қызметтерінен босатылды. Бұдан бөлек, 10 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Бас әскери прокуратура әскери қызметшілердің өліміне себеп болған қылмыстар бойынша кінәлілерді жауапқа тарту жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді.

Еске салайық, Жамбыл облысында командирдің салғырттығынан болған сарбаз өлімі бойынша тергеу аяқталды.

Абай облысындағы сарбаз өліміне кінәлі деп танылған дәрігер жазадан босатылды.

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің батысы мен оңтүстігінде 35 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі

Ауа райы • Бүгін, 11:59

Жазғы маусымда Алакөлге қосымша пойыздар қатынайды

Қоғам • Бүгін, 11:40

Сайлау кезінде заң бұзғандарға жаза қатаңдатылады

Парламент • Бүгін, 11:34

Қызылордадағы жатақханада студент көз жұмды

Оқиға • Бүгін, 11:27

Алматыда заңсыз сауда нысандары жаппай сүріліп жатыр

Сауда • Бүгін, 11:21

Жезқазғандағы су мәселесі: Сағызша созылған «Үйтас-Айдос» жобасы

Мәселе • Бүгін, 11:20

Серхио Рамос «Севилья» клубын сатып алды

Футбол • Бүгін, 11:03

Жас ғалым жолдағы ақауды табатын құрылғы ойлап тапты

Ғылым • Бүгін, 11:00

Мәжіліс Мұрат Ергешбаевтың депутаттық өкілеттігін тоқтатты

Парламент • Бүгін, 10:44

Еуроодақ балалардың әлеуметтік желіге кіруін шектеуді жоспарлап отыр

Технология • Бүгін, 10:37

ЖИ дәуіріндегі мектеп: Оқушыларға пайдасы мен қаупі қандай?

Технология • Бүгін, 10:33

Алматыда 700-ге жуық суық қару мен тыйым салынған заттар тәркіленді

Оқиға • Бүгін, 10:20

Террористік қылмыс жасады деген күдікпен шетелден 4 азамат елге қайтарылды

Оқиға • Бүгін, 10:18

Атырау облысындағы отбасының өлімі: Ақбаянға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды

Оқиға • Бүгін, 10:06

Қамшыбек Ташиевтің ісі сотқа жолданды: Процесс жабық өтеді

Әлем • Бүгін, 09:54

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью