Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АЛМАТЫ, 12 шілде – Sputnik. Ақтаудағы тұман салдыранын әуе рейстері Атырау қаласындағы қосалқы әуежайға қонды, деп хабарлайды "Ақжайық" ақпараттық порталы.
Кейбір рейстердің жолаушылары ұшақтарын 10-11 сағатқа дейін күтуге мәжбүр болған.
"11 шілдеде Ақтау әуежайын қалың тұман басты. FlyArystan мәліметі бойынша, көріну қашықтығы азайып, экипаждар қауіпсіз қонуды қамтамасыз еткен. Әуе рейстерінің бір бөлігі Атырау қаласындағы қосалқы әуеайлаққа бағытталды", - делінген хабарламада.
Жолаушылардың айтуынша, әуе рейстері қонғаннан кейін Ақтауға ұшу үшін 10 сағат күтуге тура келген. Тағы бірқатар рейс бірнеше сағат кешігіп ұшқан.
Жолаушылар ұзақ күту кезінде қонақ үйдің жоқтығына шағымданды. FlyArystan мәліметінше, кешігу ауа-райының әсерінен болды және бұл тасымалдаушының кінәсі емес.