Ақтаудағы жағымсыз иіс: экология мамандары ауа сапасын тексерді

23.12.2025

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Сурет: Canva

Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті мамандары ағымдағы жылдың 15 желтоқсан күні Ақтау қаласы аумағында таралған жағымсыз иісті анықтады. Әлеуметтік желіде тұрғындар тарапынан осы жағдайға қатысты шағым көп түскен.  

15-22 желтоқсан күндері аралығында Ақтау қаласы және қала сыртындағы өндірістік аймақтармен елді мекендердің атмосфералық ауасына жоспардан тыс мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Мониторинг жұмыстарының қорытындысы бойынша 19 және 20 желтоқсан күндері «Caspi Bitum» ЖШС санитарлық-қорғау аймағынан атмосфералық ауадан сынамалар алу кезінде көміртек дисульфидінен (CS2) шекті рауалды концентрациядан артулар (ШРК) байқалды. Ал, қалған күндері жағдай тұрақты болды.

"Осыған байланысты, «Caspi Bitum» ЖШС-де анықталған асып кетулер бойынша материалдар прокуратура органдарына жолдануда. Қабылданған шаралар қосымша хабарланады", - деп атап өтті экология департаментінің мамандары. 

Бүгін, 10:08

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью