Ақтауға аққулар оралды

01.01.2026

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Каспий теңізінің жағалауындағы Ақтауда аққулар қайта көрінді.

Құс еркесі қала маңындағы су айдындарына қонып, әдеттегі қыстақтарына жинала бастаған. Кейінгі жылдары аққулардың бір бөлігі жылы жаққа ұшпай, Маңғыстауда қыстап қалуды жиілеткен. Ақтау тұрғындары үшін аққулардың келуі қыс мезгілінің ерекше белгісіндей. Әсіресе демалыс күндері қала маңындағы тұрақтау орындарына келушілер көбейіп, жұртшылық құстарды жақыннан тамашалап, суретке түсіруге тырысады. Маңғыстау облысында аққулар аялдайтын бірнеше мекен бар. Солардың бірі Қаракөл көлі. Бұл аумаққа келушілердің бір бөлігі құстарға тамақ беруге ұмтылады. Алайда мамандар жабайы құсты қолдан қоректендірудің қауіпті екенін ескертеді. 

Джавид Алиев, эколог:

- Аққулар ерекше құстар, оларға тым жақын баруға болмайды. Себебі олар мұны қауіп ретінде қабылдап, адамға, әсіресе балаларға шабуыл жасауы мүмкін. Ал қоректендіру мәселесіне келсек, аққуларға ақ нан беруге болмайды, ағзасына зиян. Оларға  сұлы, арпа, тары секілді дәнді дақылдар берген дұрыс.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью