Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Ақтаудағы сайлау учаскелерінде өз таңдауын белгілі спортшылар мен музыканттар, ұлттық киімдегі садақшылар және Құрылтай есімді Ақтау тұрғыны жасады,– деп хабарлайды Aikyn.kz
Ал ерекше есімімен көпшіліктің назарын аударған сайлаушы — Құрылтай Хожабаева.
"Мен үшін бұл күн ерекше. Менің есімім — Құрылтай. Сондықтан учаске ашылған кезде алғашқылардың бірі болып келуді шештім. Сайлауға қатысу — әрқайсымыздың жауапкершілігіміз деп есептеймін", — деді Құрылтай Хожабаева.
Сонымен бірге күн сайын теңіз жағалауында таңғы жаттығу жасайтын келіншектер өз таңдауын жасады. Олар жаттығудан кейін сайлау учаскесіне барған.
"Денсаулыққа қамқорлық жасау мен қоғам өміріне белсенді қатысу — бір-бірімен байланысты құндылықтар. Біз әр таңымызды пайдалы жаттығудан бастаймыз. Бүгін де бұл дәстүрден жаңылмадық. Жаттығудан кейін бірден сайлауға келіп, азаматтық борышымызды орындадық", — деді ақтаулық тұрғындар.
Бүгін Ақтаудағы сайлау учаскелерінде жәрмеңкелер, ұлттық ойындар мен фотозоналар ұйымдастырылды. Ақтаулықтар тақырыптық фоторамкалар алдында суретке түсіп, селфи жасап, кейін дауыс бере алды.