Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Ақтау тұрғындары әлемге әйгілі актер Джеки Чанның әлеуметтік желідегі парақшасына жаппай пікір қалдырып, қаладағы көп жылдан бері шешілмей келе жатқан ауызсу мәселесіне назар аударуды сұрап жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Желі қолданушыларының бірі тіпті актерге видеоүндеу жолдаған.
«Құрметті Джеки Чан, Ақтауға қош келдіңіз! Бұл – Қазақстан. Бізде ауызсу жоқ. Билік бірнеше рет жергілікті халықты ауызсумен қамтамасыз етуді тоқтатты. Өтінемін, үйіме келіңіз», – дейді тұрғын.
Осылайша ақтаулықтар әлемдік жұлдыздың назарын өңірдегі өзекті мәселеге аударуға тырысқан. Бірақ әзірге актер бұл үндеулерге қатысты пікір білдірген жоқ.
Ал Маңғыстау облыстық Су ресурстары және ирригация басқармасының мәліметінше, өңірде ауызсу тапшылығы жоқ. Ведомство мәселе су құбырларының тозуы мен олардың өткізу қабілетінің төмендігіне байланысты екенін мәлімдеді.