Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Ал «Ақтөбе нан» 1-сұрыпты ұнның болмауына байланысты әлеуметтік нанды пісіруді уақытша тоқтатты. Бұған - кәсіпорынның «Ақтөбе» ӘКК» АҚ алдындағы форвардтық келісімшарт аясында қалыптасқан берешегіне қатысты. Қарыз сома - мемлекеттік бюджеттен бөлінген 170 млн теңге. Зауыт бұл берешекті өтеуден бас тартып, есептен шығаруды сұрап отыр. «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы күні ертең 1-сұрыпты ұнды жеткізуге дайын, тек «Ақтөбе нан» тарапынан кепілдеме хат берілу керек.
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігіФото: Ақтөбе облысы әкімдігі– «Ақтөбе нан» ЖШС басшылығы көтерген қарыз соманы есептен шығару мәселесі жүзеге асырылмайды. Өйткені бұл - біріншіден, бюджеттің ақшасы. Екіншіден, ақша қайтарылған жағдайда біз жаңа өнім аламыз, - дейді ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Снежанна Құлекенова.
Бүгінде өңірде әлеуметтік қалыпты нанды бірнеше кәсіпорын өндіреді. Атап айтқанда, «Рамазан» ЖШС тәулігіне 12 мың дана; «Атамекен» ЖШС тәулігіне 12 мың дана «Наным» кәсіпорны тәулігіне 6 мың дана әлеуметтік нан пісіреді. Қазіргі уақытта – «Ақтөбе нан» ЖШС-нің көлемін басқа зауыттар игеріп жатыр. Бұл нарықтағы жүктемені теңестіруге және әлеуметтік нан жеткізілімінің үздіксіз болуына мүмкіндік беріп отыр.
Фото: KАқтөбе облысы әкімдігіЖауапты құрылымдардың мәліметінше, әлеуметтік нан сауда нүктелеріне тұрақты жеткізіліп жатыр. Баға тұрақтылығы сақталған. Сондықтан өңірде әлеуметтік нан бойынша алаңдауға негіз жоқ.
Бұған дейін Ақтөбеде әлеуметтік нан шығаратын кәсіпорынның бірі жұмысын тоқтатқанын жазған едік.