​Ақтөбе Астрахань трассасында болған сұмдық апатта алты адам қаза тапты

03.09.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

ChatGPT жасаған сурет

Қандыағаш қаласына жақын жерде республикалық маңызы бар жолдың 94-шақырымында екі Toyota Camry көлігі бетпе-бет соқтығысты.

Полицияның алдын ала деректеріне сәйкес, соққының күші соншалық, екі көліктегі адамдардың ешқайсысы аман қалмаған. Қайғылы оқиға салдарынан Ақтөбе және Атырау облыстарының алты тұрғыны қаза тапты.

Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Барлық мән-жайды анықтау үшін қажетті сараптамалар тағайындалды.

Құқық қорғау органдары марқұмдардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты. Сонымен қатар жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтауға, жылдамдықты асырмауға және әсіресе тас жолдарда барынша мұқият болуға шақырды.

Бүгін, 19:14

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью