​Ақтөбе Астрахан жолының жабылуына байланысты 100 ге жуық жолаушы Атырау Ақтөбе пойызымен жеткізілді

15.12.2025

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Сурет: ҚТЖ баспасөз қызметі

Қолайсыз ауа райы жағдайы мен Ақтөбе – Астрахан тас жолының уақытша жабылуына байланысты Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау және отырғызу жұмыстарын жедел ұйымдастырды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

2025 жылғы 15 желтоқсанда №691 «Атырау – Ақтөбе» пойызы арқылы жолаушылардың қозғалысы қамтамасыз етілді:

Сағыз станциясынан Ақтөбеге дейін — 20 жолаушы;Қарауылкелді станциясынан Ақтөбеге дейін — 30 жолаушы;Қандыағаш станциясынан Ақтөбеге дейін — 46 жолаушы.

Жалпы саны 100-ге жуық жолаушы тасымалданды.

Күрделі метеорологиялық жағдайда теміржол көлігі ең қауіпсіз әрі сенімді қатынас түрлерінің бірі болып қала береді. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды жалғастырып, азаматтарды сапарларын жоспарлау кезінде ауа райы жағдайын ескеруге шақырады.

Бүгін, 11:11

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью