Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті өңірдегі энергетика субьектілерінің жұмысын тексереді. Бұл жолы «Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайға» АҚ-ндағы электр энергетикасы саласындағы заңнама талаптарының сақталуын назарға алды.
- Тексеру нәтижесінде энергетикалық жабдықтарды пайдалану талаптарына қатысты бұзушылықтар анықталды. Бұзушылықтарды биыл тамыз айына дейін жою жөнінде нұсқама берілді. Тексеру қорытындысы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 300-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылып, 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды,- деп хабарлады Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті.
Айта кетейік, департамент мамандары өңірге электр қуатын таратып отырған «Энергосистема» ЖШС, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ы филианың магистрлік электр желілер бөлімі, «Aqtobe su-energy group» АҚ, «Батыс транзит» АҚ, «КЕGОС» АҚ Ақтөбе электр желілер филиалы, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Ә. Молдағұлова атындағы әуежай» АҚ-ның жұмысын үнемі бақылап отырады. Тексеру де жыл сайын жоспарлы жүргізіледі.