Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АЛМАТЫ, 10 шілде – Sputnik. Ақтөбе облысында әскери борышын өтеп жүрген сарбазды сержант ұрған, деп хабарлайды Ақтөбе әскери соты.
Сержантқа тағылған айып - Қылмыстық кодекстің 451-бабының 1-бөлігі "Өзінің құқықтары мен өкілеттіктерін шегінен шыға жасау, жәбірленушінің денсаулығына елеулі зиян келтіру".
"Ол мерзімді әскери қызметшілерге жауапты тұлға бола отырып, әскери қызметшіге денсаулығына орташа ауырлықтағы дене жарақаттарын салған", - дейді сот.
Прокурор сержантты бас бостандығынан айыруды сұрады. Алайда сотталушы кінәсін мойындамай, ақтауын сұрағана. Азаматтық талап қоюды ішінара мойындап, жәбірленушінің пайдасына тек өкілдің қызметіне ақы төлеуге байланысты сот шығындарын ғана өндіруді сұраған.
Сержант Қылмыстық кодекстің 451-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, сот шешімімен 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
"Жәбірленушінің пайдасына моральдық зиянды өтеу есебіне 700 000 теңге, сондай-ақ өкілдің қызметіне ақы төлеуге байланысты сот шығындары ретінде 900 000 теңге өндірілді", - дейді Ақтөбе әскери соты.