Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Бұл туралы 2026 жылғы 8 сәуірде өңір әкімі Асхат Шахаров Facebook әлеуметтік желісінде мәлімдеді:
Кеше облыстық әкімдік ғимаратында болған өрт толық сөндірілді, жағдай тұрақты және бақылауда. Тағы айтайын, ең бастысы – зардап шеккендер жоқ, медициналық көмекке ешкім де жүгінбеді. Қазіргі уақытта арнайы комиссия өрттің себептерін анықтауда.
Бұл мәселе облыс әкімінің жеке бақылауында, жедел штаб жұмысы жалғасып жатыр. Қазіргі таңда нақты іс-қимыл жоспары бекітіліп, барлық жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр.
Біріншіден, ғимараттың техникалық жағдайын толық бағалау үшін сарапшылар тартылды. Айтып өтейін ғимараттың тек шатыры ғана жанды. Алтыншы қабаттағы кабинеттерге келген зақым айтарлықтай емес. Біз соңғы рет әкімдікке 2022 жылы жөндеу жүргіздік, оның ішінде тек жұмыс кабинеттері жаңаланды.
Екіншіден, түстен кейін, мамандардың көп бөлігі өз жұмыс орындарына оралады. Оған дейін мемлекеттік қызметтер онлайн, үздіксіз көрсетіледі.
Үшіншіден, өрттің себептерін анықтау бойынша арнайы комиссия жұмыс істейді. Іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.
Төртіншіден, қалпына келтіру жұмыстарының нақты жоспары әзірленіп жатыр.
"Әр кезеңнің орындалуы менің жеке бақылауымда болады, ақпарат тұрақты түрде жарияланып отырады." Асхат Шахаров
2026 жылғы 7 сәуір кешке Ақтөбе облысы әкімдігінің 6 қабатты ғимаратын өрт шарпыды. Оқиға орнына 5 минут ішінде Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жетті. Адамдар эвакуацияланып, жедел штаб құрылды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілер жоғары дәрежелі шақырту бойынша жұмыс істеген.