Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Ақтөбеде облыстық әкімдігі ғимаратының шатыры өртенгеннен кейін шығынды алдын ала бағалау аяқталды. Сарапшылар шығын көлемін атады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақтөбеде облыстық әкімдігі ғимаратының шатыры өртенгеннен кейін шығынды алдын ала бағалау аяқталды. Сарапшылар шығын көлемін атады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өңір әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, шығын шамамен 90 миллион теңге болды.
"Алдын ала бағалау бойынша, жалпы материалдық шығын шамамен 90 миллион теңгені құрайды. Қалпына келтіру жұмыстарын қаржыландыру Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар резерві есебінен жүргізіледі. Жөндеу жұмыстарын мамандандырылған компания атқарады, бұл жұмыстың жеделдігін және барлық кезеңде сапаны бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", -деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, өрттің нақты себептері әлі де анықталып жатыр. Бұған дейін мамандар электр сымдарының қысқа тұйықталуы болуы мүмкін деген алдын ала болжам жасаған болатын.
Еске сала кетейік, өңір әкімдігі ғимаратындағы өрт 7 сәуірде сағат 20:21 шамасында Ақтөбедегі Әбілқайыр хан даңғылында болды. Өрт 300 шаршы метр аумақты шарпыған. Тілсіз жау бір сағатқа жетпей ауыздықталып, сағат 21:52-де толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Ақтөбе облысының әкімдігінің мәліметінше, өрт сөндірілгеннен кейін қалпына келтіру жұмыстары бірден басталған. Өрт-техникалық және электротехникалық сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне ресми түрде қосылу рәсімі Астанада өтуі мүмкін
27 сәуір 20:44 1
Министр Қазақстандағы курьерлер мен такси жүргізушілері үшін алаңдатарлық болжам айтты
27 сәуір 18:41 1
Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті
19 сәуір 22:47 1
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу