Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Фото: petrolplus.ru
Жергілікті басылымдардың мәліметінше, оқиға оқу жылы аяқталмай тұрып, үлкен үзіліс кезінде болған. Сыртта ойнап жүрген бала мектептің жертөлесіне түскен. Кейін сол жерден ішінде белгісіз сұйықтық құйылған пластик ыдысты тауып, ішіп қойған.
Мұғалім оқушыдан бензин иісі шыққанын байқап, сұрастыра бастаған. Сол кезде бала болған жағдайды айтып берген.
Петропавлда Porsche Cayenne көлігі 12 жастағы қызды қағып кетті
Сабақ аяқталғанша мектепте болған оқушы үйіне барған соң құса бастаған. Анасы оны бірден ауруханаға апарған. Дәрігерлер асқазанын шайып, кейін облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізген.
Дәрігерлер ем жүргізгеннен кейін баланың жағдайы тұрақтанған. Қазір оның өміріне қауіп жоқ. Оқушы ауруханадан үйіне шығарылды.
Облыстық білім басқармасы 7 жастағы баланың бензин иісі бар сұйықтықты абайсызда ішіп қойғанын растады. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылған..