Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Ақтөбе облысында 19 жастағы жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, өлімнің себебі - атмосфералық электр тоғы. Жас жігіт үстіне түскен жайдан мерт болды.
“Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”,-дейді полицейлер.
Айта кетері, осыдан төрт жыл бұрын облыста тура сондай жағдай болған. Ақтөбе қаласына жақын Белогорка ауылында 27 жастағы ер адам мен 15 жастағы балаға жай түскен.
Жасөспірім оқиға орнында көз жұмды. Ал ер адам жедел медициналық жәрдеммен ауруханаға жеткізілген болатын.