Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Бұл бастама ұрпақтар сабақтастығы мен отбасылық бірліктің жарқын көрінісіне айналды. Ене мен келіннің қатар келіп, ел өміріндегі маңызды оқиғаға бірге қатысуы қоғамдағы ынтымақ пен жауапкершіліктің айқын белгісі болды.
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі Фото: Ақтөбе облысы әкімдігіФото: Ақтөбе облысы әкімдігі Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі— Біз бүгін Тамды ауылының белсенді әжелері, аналары болып өз келіндерімізді ертіп референдумға келдік. Еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс бердік. Сөзімізді жерге тастамай соңымыздан еріп, ізімізді басып келе жатқан келіндерге ризашылығымызды білдіреміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, — деп тілегін ақ жаулықты ана Аққағаз Тәжіғұлова білдірді.
Дауыс беру учаскесіндегі көрініс ерекше әсер қалдырды. Мерекелік көңіл-күй, жылы жүздесу, шынайы күлкі мен қуаныш атмосфераны одан әрі жандандыра түсті. Мұндай сәттер азаматтық белсенділіктің тек міндет қана емес, қоғамды біріктіретін маңызды құндылық екенін көрсетеді.
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі Фото: Ақтөбе облысы әкімдігіАқтөбеліктер осылайша ел болашағына бейжай қарамайтынын тағы бір мәрте дәлелдеп, ортақ жауапкершілікті сезінудің үлгісін көрсетті.