Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
2025 жылы Актөбе облысында 99 жасөспірім қыз жүкті болды (2024 жылы бұл көрсеткіш 107 болған). Олардың көбі 17-18 жастағы колледж студенттері және кейбір мектеп оқушылары, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: smartnews.kz
Балалар гинекологы Салтанат Тубулбаеваның айтуынша, олардың көбі өзінің аяғы ауыр екенін алғашқы айларда байқамайды немесе жасыруға тырысады.
Елімізде ерте жүктілік көрсеткіші азайған
«Жасөспірімдердің құрсақ бұлшықеттері жақсы дамыған, оның үстіне олар кең (оверсайз) киімдер киеді. Ал құсу мен жүрек айнуды асқазан ауруына балап, мән бермейді. Соның салдарынан қыздар бізге тек 20-21 апта болғанда ғана келеді. Жүктілікті 21 аптадан асқан соң тоқтату мүмкін емес. Әрбір жасөспірімнің жүктілігі комиссия қарауына жіберіледі, оған акушер-гинекологтар, генетик, психолог және басқа мамандар қатысады. Қыздар қатаң бақылауда болады, себебі бала көтеру жас организм үшін үлкен жүк. Физиологиялық тұрғыдан қыздар дайын емес. Қан айналымы, тыныс алу жүйесі толық қалыптаспаған. Ерте жүктілік плацента алдынан қабыршақталуына, босанғаннан кейін қан кетуге әкелуі мүмкін. Асқынулар қыздарда 2-3 есе жиі, балалар көбіне аз салмақта дүниеге келеді. Психологтар жұмыс істейді, бірақ отбасының қолдауы маңызды», дейді Салтанат Тубулбаева Диапазон басылымына берген сұхбатында.
Дәрігердің айтуынша, жасөспірімдер жүктілігінің 97-98%-ы босанумен аяқталады және жас аналар баладан бас тартпайды.
Өткен жылы босанғандардың ішінде тек бір бала ғана уақытша «Үміт» сәбилер үйіне орналастырылған. Қалған балалар отбасында тәрбиеленіп жатыр. Кейбір әжелер тіпті декреттік демалыс алып, нәрестеге қарайды, осылайша қыздарға оқуын жалғастыруға мүмкіндік береді. 17 жастағылары тұрмысқа шығып жатады. 2025 жылы тіркелген ең жас жүкті қыз 14 жаста болған.
Соңғы жаңалықтар
Иран Сыртқы істер министрі: Достас елдер үшін теңіз жолы ашық
Әлем • Бүгін, 11:32
Елімізде 3 жаңа су электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 11:09
Степногорскте 1500 гектардан астам жер мемлекет меншігіне өтті
Қоғам • Бүгін, 11:01
Енді шетелдегі отандастар төлқұжатты 40 күнде ала алады
Қазақстан • Бүгін, 10:51
Алматы көшелерінде түнгі автожарыстар жиіледі: Полиция бақылауды күшейтті
Қоғам • Бүгін, 10:29
Астанада LRT пойыздары сынақтан сәтті өтті
Қоғам • Бүгін, 10:17
Мемлекет басшысы Бангладеш Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 10:13
Батыс Қазақстан облысында тағы бір дрон құлады
Оқиға • Бүгін, 10:10
Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 50 жас футболшысының қатарына енді
Футбол • Бүгін, 10:01
Бүгін елімізде ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 09:53
Елена Рыбакина Miami Open турнирінің жартылай финалына шықты
Теннис • Бүгін, 09:45
Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды?
Бокс • Бүгін, 09:35
Шетелдіктерді жұмысқа заңсыз тартқандар жазаланды
Оқиға • Бүгін, 09:16
Қаржы • Бүгін, 09:15
Қазақстан Ресей экономикасына 9 млрд доллар инвестиция салды
Үкімет • Кеше