Ақтөбе облысында мал қырылып жатыр: Зертхана тейлериозды растады

20.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жайылымнан қайтқан мал әлсіреп, жем-шөп пен судан бас тартқан. Бірнеше күннен кейін мал жаппай өле бастаған.

Осыған байланысты мал иелері аурудың әрі қарай таралуынан қауіптеніп, елді мекенде карантин енгізуді сұрап отыр.

Биыл мал шаруашылығын дамытуға 300 млрд теңге бағытталды

Ветеринар мамандар ауру малдан сынамалар алып, зертханаға жолдаған. Зерттеу қорытындысы бойынша ірі қарадан тейлериоз анықталған. Бұл кенелер арқылы жұғатын паразиттік ауру.

Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, тейлериоз адамдарға қауіп төндірмейді және карантин енгізілетін аса қауіпті жұқпалы аурулардың қатарына жатпайды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью