Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АЛМАТЫ, 22 маусым - Sputnik. Ақтөбе облысына қарасты Қандыағаш қаласындағы "Тұмар" мейрамханасына барған қонақтар астан уланып қалды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
19 маусымнан бастап Мұғалжар аудандық ауруханасы мен облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына 102 науқас жатқызылды.
"Оның ішінде 34 науқаста сальмонеллездің ықтимал жағдайы тіркелді. Оқиғаға байланысты Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне шұғыл хабарламалар жолданып, бактериологиялық зерттеу жүргізу үшін сынамалар алынды", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Науқастардың жағдайы орташа ауыр дейді дәрігерлер. Айтуларынша, оларға қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр.
"Жағдайды үйлестіру мақсатында жедел штаб құрылып, Мұғалжар ауданына қосымша медициналық бригадалар жіберілді. Медициналық ұйымдарда қажетті төсек-орын қоры дайындалып, дәрілер жеткілікті түрде қамтамасыз етілді", - делінген хабарламада.
Науқастардың аурухана дәліздерінде жатқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды дейді ведомство.
"Байланыста болған басқа адамдарды анықтау және оларды медициналық бақылауға алу жұмыстары жүргізілуде. Ішек инфекциясы жағдайларының тіркелуіне байланысты эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп жатыр", - дейді Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы.