Ақтөбе облысында мектеп оқушысына қатысты жантүршігерлік қылмыстық іс тергеліп жатыр

02.03.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Ақтөбе облысында 25 жастағы ер адам 14 жастағы мектеп оқушысын зорлады деген күдікке ілінді. Бұл ақпаратты өңірлік Полиция департаменті растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Ақтөбе облысында 25 жастағы ер адам 14 жастағы мектеп оқушысын зорлады деген күдікке ілінді. Бұл ақпаратты өңірлік Полиция департаменті растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Полиция мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Соталды тергеу Қылмыстық кодекстің 120-бабы "Зорлау" бойынша жүргізіліп жатыр.

"Тергеу органдары істің барлық мән-жайын мұқият анықтап, зерттеп жатыр. Толық әрі жан-жақты тергеу қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады. Тергеу мүддесіне және кәмелетке толмаған жасөспірімнің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында басқа ақпарат жарияланбайды", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью