Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады. Бұл туралы энергетика министрі Ерлан Аққенженов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жаңа зауыттың қуаты орташа болады. Қуаты – 2 млн тонна.
"Орташа тонналы зауыт ішкі сұранысты өтеп қана қоймай, Орталық Азия елдеріне де өнім сатады. Қазіргі кезде жанар-жағармай жеткізу жағынан іркілістер бар. Оны бәріміз көріп отырмыз. Осындай жағдайда біз ресурсы бар мемлекет ретінде көршілерге қажетті өнімді жеткізе аламыз", - деді Аққенженов.
Министрдің айтуынша, жаңа жобаның құрылысы екі жылда аяқталады. Зауыт бензин ғана емес, керосин де шығаратын болатын.
Айта кетері, бүгінде Қазақстанда Атырау, Павлодар мен Шымкентте ірі мұнай өңдеу зауыттары бар. Әрбіреуі жылына 5-6 млн тонна өнім шығара алады. Ақтөбе облысындағы шағын зауыттан бөлек тағы бір ірі зауыт салынады. Қазіргі кезде оның орналасу жері пысықталып жатыр.