Ақтөбе облысында мұз жару жұмыстары жүргізілді

13.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында су айдындарындағы мұз қабатын әлсірету жұмыстары жүргізілді.

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, алдын алу шаралары аясында сеңнің кептелуін болдырмау және көктемгі тасқын сулардың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін бақылаудағы жарылыс жұмыстары ұйымдастырылды.

Жұмыстар Ырғыз өзенінің екі учаскесінде атқарылды:

— Шеңбертал ауылы маңында 2000 шаршы метр аумақта;

— Ырғыз ауылында 2500 шаршы метр аумақта.

Жалпы өңделген аумақ көлемі — 4500 шаршы метр.

Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстандағы Үлбі өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілді.

БҚО өзендерінде мұздың қалыңдығы өткен жылғыдан жоғары болып отыр.

Зайсан көлінде балық қырылмас үшін мұз ойылып жатыр.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью