Ақтөбе облысында немересі мен оны құтқармақ болған атасы суға кетті

25.06.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Ақтөбе облысында 61 жастағы ер адам мен немересі суға кетті.

Қайғылы оқиға Бестамақ ауылында болған.

Куәгерлер Елек өзенінен 61 жастағы ер адамның және 17 жастағы бозбаланың денесін алып шыққан.

"Алдын ала мәлімет бойынша, кәмелетке толмаған баланың суға түспегені анықталды. Ол Елек өзенінен жаяу өтпек болып, су астындағы шұңқырға құлап кеткен", - дейді полиция.

Ол учаскеде "Шомылуға тыйым салынады" деген белгі орнатылған. Атасы немересін құтқармақ болып суға секірген. Алайда өзі де суға батып кетті, дейді полиция.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью