Ақтөбе облысында Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара бекеті жаңғыртылып жатыр

11.05.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АСТАНА, 11 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысы мен Ресей Федерациясы шекарасындағы "Әлімбет" шекара бақылау-өткізу пункті күрделі жаңғыртудан өтіп жатыр, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Құрылыс жұмыстары бекеттің қызметін тоқтатпай жүргізіліп жатыр.

"Жоба аясында әкімшілік ғимарат, инспекциялық тексеру кешендері, тереңдетілген бақылау ангары және қызметтік иттерге арналған арнайы панажай салынып жатыр. Қазіргі уақытта нысандағы негізгі жұмыстардың басым бөлігі аяқталған. Су құбырын тарту жұмыстары да соңғы кезеңге жеткен", - деп жазылған хабарламада.

Мердігерлердің айтуынша, қажетті металл конструкциялары Ақтөбе қаласындағы зауытта дайындалып, құрылыс алаңына кезең-кезеңімен жеткізіліп жатыр. Қазір құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Қазір бекет уақытша өткізу пункті арқылы жұмысын жалғастырып отыр. Бұрынғы ескі ғимараттар толықтай сүріліп, бүгінге дейін 151 мың шаршы метр аумақта жер жұмыстары атқарылған.

Жауаптылар жаңғырту жұмыстары жыл соңына дейін толық аяқталатынын айтады. Жоба іске қосылғаннан кейін шекарадағы көлік өткізу қабілеті артып, бақылау жүйесі заманауи форматқа көшеді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью