Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті қиыршық тас сатумен айналысатын жеке кәсіпкерге қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Тексеру Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ақпараты негізінде жүргізілді.
Бақылау іс-шаралары барысында кәсіпкердің сәйкестікті растау сертификатысыз 2 349 725 тонна көлемінде, жалпы сомасы 396 947 895 теңгені құрайтын қиыршық тасты өткізгені анықталды.
Назар аудара кету қажет, қиыршық тас негізгі құрылыс материалдарының бірі болып саналады және тұрғын үйлерді, әлеуметтік нысандарды, соның ішінде мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерді салуда кеңінен қолданылады. Осыған байланысты техникалық реттеу талаптарын сақтау құрылыс өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін аса маңызды.
Тексеру қорытындысы бойынша:
анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді;
Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 415-бабының 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес 421 000 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Департамент Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігін еске салады. Өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың болуы өнімді айналымға шығару және Қазақстан Республикасы аумағында өткізу үшін міндетті шарт саналады.