Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Ақтөбе облысының Қобда ауылында тұрғын үйден өрт шығып, 31 жастағы әйел қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт Қобда ауданындағы Щербаков көшесінде орналасқан тұрғын үйде болған.
Тілсіз жау үйдің бөлмесі мен шатырын шарпып, өрт 96 шаршы метр аумаққа тараған. Өртті сөндіру кезінде 1995 жылы туған әйелдің денесі табылды.
Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері, жедел медициналық жәрдем бригадасы мен полиция жұмылдырылды.
— Өрт толықтай сөндірілді. Өрттің шығу себептері мен мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі.