Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысында ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
3 мамырда Хромтауда ер адамның мәйіті табылған.
"Көпқабатты үйдің ауласынан зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылды. Кісі өлтірді деген күдікпен жәбірленушінің танысы ұсталып, қамауға алынды", - дейді полиция.
Таныстар бірге алкоголь ішіп отырған кезде жанжал шыққан. Салдарынан күдікті жәбірленушіге пышақ салған. Полиция "Кісі өлтіру" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.