Ақтөбе облысында жол апаты болды: бір адам көз жұмып, үшеуі зардап шекті

11.04.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АЛМАТЫ, 10 сәуір - Sputnik.️ Ақтөбе - Жайсаң тас жолында жол апаты болды, деп хабарлайды Ақтөбе облысының полиция департаменті.

Оқиға 10 сәуір күні сағат 23:00 шамасында болған. ВАЗ-2115 және Lada Granta автокөліктері соқтығысып, бір адам көз жұмды.

"Оқиға салдарынан ВАЗ-2115 автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза болды. Ал Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді", - дейді полиция.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью