Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 23 қазан - Sputnik. Ақтөбе облысы Белқопа ауылының маңында жүк көлігі мен "ГАЗель" жолаушылар көлігі соқтығысты.
Жол апаты бүгін Самара – Шымкент автожолында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.
Салдарынан оқиға орнында екі жүргізуші мен "ГАЗель" автокөлігінің 10 жолаушысы қаза тапты. Тағы бес адам медициналық мекемеге жеткізілген.
"Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Анықталғандай, "ГАЗель" жолаушылар көлігі ресми түрде Т.Жүргенев ауылынан облыс орталығына жолаушылар тасымалдаумен айналысқан", - дейді полиция.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы жұмыс жасап жатыр.