Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 10 маусым - Sputnik. Ақтөбе облысында жол апатынан 10 адам зардап шекті, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Оқиға 9 маусымда сағат 15:20 шамасында "Ақтөбе – Астрахань" автожолының 240-шақырымында болды.
"Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылы маңында DAF маркалы жүк көлігі мен Toyota Camry маркалы екі жеңіл автокөлік жол апатына түсті. DAF көлігі Түрікменстан мемлекетінде тіркелген", - дейді полицияда.
Оқиға салдарынан Toyota Camry автокөліктерінің бірі өртенді. Жол апаты салдарынан екі адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ сегіз адам түрлі дене жарақаттарымен жедел жәрдем қызметі арқылы Байғанин аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.
Сотқа дейінгі тергеу басталды.