Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығынан екі ірі жол апаты орын алды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бірінші апат Қарғалы ауданындағы Ақтөбе – Орск тас жолында болған. Opel жеңіл автокөлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, DAF жүк көлігімен соқтығысқан. Соққының қатты болғаны соншалық, жеңіл көліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында тіл тартпай кетті. Полиция тергеу амалдарын бастап, жол-көлік оқиғасының себептерін анықтап жатыр.
Сол күні Ақтөбе – Астрахань тас жолында тағы бір апат болды. Қатты боран мен жолдың көрінбеуі салдарынан жолды қар басып қалған. Соның салдарынан бірден 10 көлік соқтығысты. Автокөліктер бірінің артына бірі соғылып, қозғалыс толықтай тоқтады. Жеңіл жарақат алған үш адам ауруханаға жеткізілді.
Полиция жүргізушілерге жолда, әсіресе ауа райы нашарлаған кезде сақ болуды, жылдамдықты азайтып, арақашықтықты сақтауды ескертеді.