Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Ақтөбе облысының Табиғат қорғау прокуратурасы «Қазақстан Ғарыш Сапары» спутниктік мониторинг жүйесінің көмегімен іс жүзінде орманмен жабылған, бірақ есепке алынбаған жерлерді анықтады.
Прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде Шалқар ауданында 22 мың гектар және Байғанин ауданында 95 мың гектар жер Байғанин орман шаруашылығының қарамағына берілді.
Бас прокуратура мәліметінше, жерге орналастыру рәсімдері аяқталғаннан кейін аталған жерлер орман қоры жерлеріне ауыстырылады.
Нәтижесінде облыстың орман қорының аумағы 30 пайызға артып, 254 мың гектардан 371 мың гектарға дейін ұлғаяды. Бұл ормандарды қорғау мен сақтауға қолайлы жағдай жасайды.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында бір жылда 120 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Оралда жеке меншікке берілген жер 14 жылдан кейін мемлекетке қайтарылды.
Ақмола облысы прокуратурасы құны 2,2 млрд теңге болатын орман қорының жер учаскелерін мемлекетке қайтарды.