Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Криминалдық полиция, патрульдік полиция және өзге де қызметтердің жедел әрекетінің нәтижесінде із-түзсіз жоғалған азаматтардың басым бөлігі анықталып, үйлеріне қайтарылды. Қазіргі уақытта үш адамның жүрген жері әлі белгісіз. Оларды іздестіру жұмыстары жалғасуда.
Азаматтардың жоғалу себептері әртүрлі. Ересектердің кейбірі туыстарына ескертпестен жұмыс іздеп басқа өңірлерге кетіп қалады, байланысқа шықпайды немесе тұрғылықты мекенжайын ауыстырады. Ал кәмелетке толмағандар көбіне отбасындағы жанжал, ата-аналарымен түсініспеушілік немесе өз әрекетінің салдарын толық бағаламау салдарынан үйден кетіп қалады.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері төмендегі азаматтардың жүрген жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде:
Хасенов Асылхан Айдарханұлы, 1981 жылғы 15 шілдеде туған, Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының тумасы; Ковтун Сергей Иванович, 1981 жылғы 19 шілдеде туған, Ақтөбе облысы Шалқар ауданының тумасы; Қонырбаев Болат Шатанұлы, 1961 жылғы 19 тамызда туған, Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Жабасақ ауылының тумасы.Әрбір хабар-ошарсыз жоғалу дерегі бойынша дереу іздестіру топтары құрылып, кешенді жұмыстар жүргізіледі. Полицейлер жоғалған азаматтардың туыстары мен таныстарынан, куәгерлерден жауап алады, болуы мүмкін орындарды тексереді, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделейді, сыртқы нарядтарға бағдар береді.
Сондай-ақ еріктілермен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылады. Қажет болған жағдайда іздестіру жұмыстары облыс аумағынан тыс жерлерде де жүргізіледі.
Полиция тұрғындарға үндеу жасайды: егер іздестіріліп жатқан азаматтардың жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса немесе оларды табуға көмектесетін мәліметтер болса, дереу 102 нөміріне, сондай-ақ 8-707-765-35-25, 8-778-453-16-10, 8-708-188-63-58 телефондарына хабарласуды немесе жақын маңдағы полиция бөліміне жүгінуді сұрайды.