Ақтөбе облысындағы мейрамханада тағамнан уланғандар саны 113 ке жетті

24.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Фото: istockphoto.com

Барлық науқастар өткен аптада бір мейрамханада өткен тойлар мен басқа да жиындарға қатысқан. Осыдан кейін олардың дене қызуы көтеріліп, өздерін жайсыз сезіне бастаған.  

Дәрігерлердің мәліметінше, науқастардың басым бөлігінің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Кейбір пациенттердің денсаулығы жақсара бастаған.

Мамандар жаппай улануға нақты не себеп болғанын анықтауға кірісті. Қазіргі уақытта санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары мейрамханадан алынған тағам үлгілері мен зертханалық сынамаларды тексеріп жатыр.

Алматы облысында 19 адам дәмханадан суши жеп, уланып қалды

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Аманжұлованың айтуынша, азаматтар арасында тіркелген ішек инфекциясына байланысты эпидемиологиялық тергеу жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қандыағаш қаласындағы «Тұмар» мейрамханасына барған 102 адам тағамнан уланып қалғанын жазған болатынбыз. Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью