Ақтөбе облысының білім саласында тың жоба басталды

17.10.2025

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

АСТАНА, 17 қазан - Sputnik. Ақтөбе облысының білім саласында жаңа ауқымды бастама — "5Б" облыстық жобасы өз жұмысын бастады. Тың бастаманың мақсаты және күтілетін нәтижесі туралы облыстық білім басқармасы хабарлады.

2025-2028 оқу жылдарын қамтитын бұл жоба білім мен тәрбие сапасын арттыруға, педагогтердің кәсіби дамуын қолдауға және оқушылардың жетістігін көтеруге бағытталған.

"5Б" жобасы бес негізгі бағыттан тұрады:

1Б – Бақылау,

2Б – Бағалау,

3Б – Болжау,

4Б – Біліктілікті көтеру,

5Б – Білім сапасын арттыру.

Ақтөбе облысының білім саласында тың жоба басталды

Ақтөбе облысының білім саласында тың жоба басталды

"Жоба үш кезең бойынша жүзеге асырылады. Алғашқы кезең 2025-2026 оқу жылында Алға, Ырғыз, Әйтеке би аудандарын және Ақтөбе қаласының 10 мектебін қамтиды. Келесі жылдары өзге аудандар да кезең-кезеңімен қатыстырылмақ", - дейді білім басқармасындағылар.

Басты мақсат – білім беру ұйымдарының даму стратегияларын жетілдіру, педагогтерге әдістемелік сүйемелдеу көрсету және оқушылардың оқу жетістіктерін арттыру. Сонымен қатар жоба аясында мектептердің нақты ахуалына талдау жүргізіліп, әр білім ордасы үшін жеке іс-қимыл жоспарлары әзірленеді.

"5Б" жобасын Ақтөбе облыстық білім басқармасы ұйымдастырып, оған педагогикалық шеберлік орталығы, Назарбаев зияткерлік мектебі, "Білім-инновация" лицейі және бірқатар серіктес ұйымдар қатысып отыр.

"Күтілетін нәтижелердің бірі – мұғалімдердің кәсіби деңгейінің өсуі, оқушылардың білім сапасының жақсаруы, заманауи әдістемелер мен цифрлық технологиялардың оқу процесіне енгізілуі. "5Б" жобасы – өңірдегі білім сапасын жаңа деңгейге көтеріп, заманауи, нәтижеге бағытталған мектеп моделін қалыптастыруға арналған кешенді бастама", - дейді басқармадағылар.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью