Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Ақтөбе қаласындағы «Триатлон» саябағында ұйымдастырылған ауқымды іс-шара 800-ден астам адамның басын біріктірді. Олардың ішінде еңбек ардагерлерлері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, облыстық және қалалық қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік органдардың қызметшілері, жастар және «Жасыл ел» еңбек жасағы, тіпті өздері белсенділік танытып келген қала тұрғындары да болды.
Фото: Ақтөбе әкімдігіТабиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының дерегіне сүйенсек, өңірде 10 мыңдай көшет отырғызылса, соның 500-ге жуық «Триатлон» аумағына егілді. Оның ішінде жеміс ағаштары аққайың, шырша, шетен және тағы да басқа ағаш түрлері бар.
Акцияға облыс әкімі Асхат Шахаров та қатысып, шырша ағашын отырғызды. Аймақ басшысы мұндай бастамалар өңірдің экологиялық ахуалын жақсартумен қатар, қоғамда тазалық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететінін алға тартты.
Фото: Ақтөбе әкімдігіБұдан бөлек, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ақтөбе өңірінде екіайлық сенбілік өткізіліп жатыр. Бүгін ақтөбеліктер 1100 гектар аумақта тазалық жұмыстарын жүргізді.