Ақтөбе Орынбор тас жолында төрт адам көз жұмды

26.01.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе облысында болған жол апаты кезінде төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қайғылы оқиға 25 қаңтарда "Ақтөбе – Орынбор" автожолында кешкі уақытта болған. Құрайлы ауылы маңында Honda Odyssey қарсы жолаққа шығып, Hyundai Solaris-пен соқтығысқан.

"Соққыдан Honda Odyssey бағытын өзгертіп, тағы қарсы бағытта келе жатқан ВАЗ-2110 автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан ВАЗ-2110 автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты", - дейді полицейлер.

Honda Odyssey автокөлігінің бір жолаушысы және ВАЗ-2110 автокөлігінің бір жолаушысы жарақат алды. Кінәлі көлік жүргізушісі Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетері, жолда абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет үшін бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью