Ақтөбе полициясы ең қауіпті жолдарды атады

21.04.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Ақтөбе облысында былтырға қарағанда биыл жол-көлік апата 16,7% азайды. Алайда қаза тапқандар санында өсім бар. Былтыр осы уақытта 19 адам мерт болса, биыл жолда 25 адам ажал құшты. Ақтөбе-Атырау тасжолында бірден 6 адам, Ақтөбе қаласының шығаберісінде төрт адам көз жұмды. Ал Қарғалы ауданы аумағындағы тасжолда 4 адам қаза тапты.

— Жол-оқиғалары екіге жағдайда жиі тіркеледі. Бірі Ақтөбе қаласында, екіншісі республикалық тасжолдарда. Қалада көліктер жиі соқтығысады және жаяу жүргіншілерді қағып кетеді. Соның ішінде Есет батыр тұрғын алабы, Әбілқайыр хан, Ә.Молдағұлова, Сәңкібай батыр даңғылдарында жиі кездеседі. Көбі сағат 16:00–20:00, 20:00–00:00 және таңғы уақытта тіркеледі. Биыл көліктер соқтығысқанда 254 адам жарақат алды. Сонымен бірге 118 жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Үш адам көз жұмды. Біз жолдарды жарықтандыру мәселесін қозғап жүрміз, — деді Ақтөбе облыстық ПД бастығының орынбасары Ардана Саймағамбетов.

Өңірде жол-көлік апатының тек төрттен бірі ғана республикалық тасжолдарда тіркеледі. Алайда мұнда өлім-жітім көп.

— Үшінші санаттағы Ақтөбе-Қызылорда жолында тәулігіне 3 мың көлік жүруі керек болса, қазір ағыны 16 мың көлікке жеткен. Сондықтан Әйтеке би ауданы әкімдігінің қолдауымен айып тұрағы салынды. Айыппұл тұрағының орналасқан жері — Қарабұтақ ауылы. Бірнеше жыл бойы түсіндіру жүргізілгенімен, жүргізушілер ескертуді елемейді. Енді құқықбұзушылық тіркелсе, көлікті бірден сонда жеткіземіз. Бұл жолда 5 жасақ жұмыс істеді. Әр жасақтың арасы 100 шақырымды қамтыды. Қазір жасақ саны 10-ға жетті және олардың арақашықтығы 50 шақырым болып тұр, — деді Ардана Саймағамбетов.

Айта кетейік, Ақтөбеде бейнебақылау камералары арқылы 5 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Полиция камералардың көмегімен 57 қылмысты ашты

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью