Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Ақтөбедегі «Әлімбет» шекара бекеті арқылы өтпек болған Атырау қаласының тұрғынынан 1895 жылы жасалған қару табылды. Қарудың құжаты болмады. Сондықтан иесі қылмыстық жауапқа тартылып, 2 жылға шартты жаза кесілді.
Фото: Ақтөбе облыстық ПД– Тарихи-мәдени құндылыққа ие зат ретінде тәркіленген тапанша Ақтөбе облысы полиция музейіне тапсырылды. Бұл – «Маузер» маркалы өздігінен атылатын тапанша. ХІХ ғасырдың соңғы кезеңіндегі қару жасау ісінің дамуын айқын көрсетіп тұр. Музейге келушілер атыс қаруының даму тарихын ғана емес, сонымен қатар құқық қорғау органдарының заңсыз қару айналымына қарсы жұмыстарын көре алады, - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Бұған дейін хабарланымыздай, Бас көлік прокуратурасы интернет-кеңістіктегі суық қарудың заңсыз айналымының жолын кесу бойынша шаралар қабылдап жатқанын мәлімдеді. Аңшылық кәсіпшілікпен байланысты жағдайларды қоспағанда, суық қаруды заңсыз алып жүру немесе өткізу, сол сияқты тиісті рұқсаты жоқ адамдарға қару мен оқ-дәрілерді сату Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.