Ақтөбе прокуратурасы қаңырап бос тұрған ғимараттарды қоршауды міндеттеді

22.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Прокурорлар тексеру кезінде барлығы 26 нысанды анықтаған. Олардың әрқайсысына кіріп, қарап шықты.

– Қала прокуратурасы «Айқын нәтиже» жобасы аясында иесіз, қараусыз қалған және құрылысы ұзаққа созылған нысандар тексерілді. Тексеру нәтижесінде 26 нысанның құқық бұзушылық ошақтарына айналу қаупі бар екені анықталды. Осыған байланысты нысандарды бұзу, қоршау, жарықтандыру және бейнебақылаумен жабдықтау тапсырылды. Сонымен қатар, мемлекеттік органдарға нысан иелерін анықтап, заң талаптарына сәйкес түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізу міндеті жүктелді. Қала аумағында осындай нысандарды анықтасаңыз @zaiavlenieaktobe_bot телеграм парақшасы арқылы жолдау сұралады, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық прокуратурасы әлеуметтік желідегі ресми парақшасы арқылы.

Еске салсақ, Ақтөбе қаласының орталығында «Тұлпар-Тальго» вагондарына қызмет көрсету кешенінің құрылысы аяқталмай тұр. Бос тұрғанына 10 жылдан асты. ҚТЖ баспасөз қызметі былтыр нысанды қайта жобалап, құрылыс 2026-2027 жылдары аяқталатынын хабарлады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью