Ақтөбе қаласында халық саны 600 мыңға жетті

02.04.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

ҚР Ұлттық статистика бюросы Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Айбек Ғалымжановтың айтуынша, 2026 жылдың 1 наурызында облыс халқының саны 956,8 мың адамды құрады. Ал Ақтөбе қаласы халқының саны 600 мың адамға жетті.

— Халықтың ресми саны демографиялық әдіснамаға сәйкес қалыптастырылады.
Ақтөбе қаласының 600 мыңыншы тұрғыны демографиялық әдіснамалық түсініктемеге сүйене отырып анықталды. 600 мыңыншы тұрғынды анықтау үшін 2026 жылдың 1 ақпанындағы халық санына күн сайынғы дүниеге келген нәресте мен көшіп келгендерді қосып, қайтыс болғандар мен көшіп кеткендерді шегеріп, 600 мыңыншы тұрғын өмірге келген күн анықталды. Содан кейін сол күні болған туу, қайтыс болу, көшіп келу, көшіп кету оқиғаларын сағат сайын санап, ең жақын уақытта дуниеге келген 1 бала анықталды, — деді Айбек Ғалымжанов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Galymzhanov Aibek (@galymzhanov_aibek)

Еске салсақ, 2021 жылы өңір халқының саны 8,3 мыңға артып, 900 мыңнан асты. Өңірде табиғи өсім байқалды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью