Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Ақтөбе қаласының орталығындағы Әлия Молдағұлова даңғылы бойында жылу құбыры сыр берді. Диаметрі 720 мм болатын құбыр жарылып, бірнеше үйге жылу беру уақытша тоқтатылды. Ыстық су кері айналым арқылы беріліп жатыр.
Фото: «Aqtobe su-energy» АҚ-ның баспасөз қызметіФото: «Aqtobe su-energy» АҚ-ның баспасөз қызметі— Ақтөбе қаласындағы Индустриальная көшесінде орналасқан балабақша, Әлия Молдағұлова даңғылындағы № 3, 5, 7, 9, 11, 13 және Тілепбергенов көшесіндегі № 78, 80, Әбілқайыр хан даңғылындағы № 69 үйлерге жылу беру уақытша тоқтады. Қазір 20 қызметкер жұмыс істеп жатыр. Апат болған аймақта 10 техника бар, — деп хабарлады «Aqtobe su-energy» АҚ-ның баспасөз қызметі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Теміртауда магистральдық құбыр жарылып, ондаған үй жылусыз қалды. Мұндай апатты жағдай Өскеменде де тіркелді.