Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Ақтөбе облыстық соты жылды қорытындылады. Бір жылда 13 000 азаматтық іс бойынша шешім шығарылды. Соның ішінде 7 мыңға жуық іс медиация тәртібімен қаралды. Сонымен бірге 17 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс қаралды. Оның басым бөлігі жазаға тартылды.
— Облыс соттарында 1 642 адамға қатысты 1 398 қылмыстық іс аяқталды. Оның ішінде 1 259 адамға қатысты 1 099 іс бойынша үкім шықты. Барлығы 13 адам ақталды. Сотталғандардың 51 пайызына бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындалды, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 12 адамның қазасына қатысты істі қысқартты. Судья қаулы шығарғанда полиция анықтаушысы өз ісіне салғырт қарады деп таныды.