Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Ақтөбедегі элиталы аудан тұрғындары тасжол төсеп берсін деп талап етіп отыр. Хан сарайындай зәулім үйлердің иелері "жылдар бойы ойдым-ойдым топырақ жолмен қатынаудан шаршадық" дейді. Биыл әкімдік "асфальт төселеді" деп үміттендіріп, жол салуға тендер де жариялаған. Бірақ құрылысқа ақша жетпей қалыпты, - деп хабарлайды Тengri Нome тілшісі КТК телеарнаға сілтеме жасап.
Поделиться
"Газ жоқ, сондықтан бәрі тамақты токпен пісіреді. Көпбалалы отбасылар үшін бұл - орасан зор шығын. Қомақты шоттар жиналып қалды. Келесі айда қанша сома келетінін елестетудің өзі қорқынышты. Оны қалай төлейміз? Газ туралы сұрасақ, бізді бір мекемеден екіншісіне сілтеп жібереді", - деп шағымданды Салтанат Жиенбаева.
Тоғыз қабатты үйлерден пәтерлерді көпбалалы отбасылар мен мүгедектігі бар жандар алған. Тұрғындар бұл баспананы 15 жыл бойы күткен. Пәтерлер 2 пайыз жеңілдетілген ипотекамен ресімделген және ай сайынғы төлемдерді жұрт уақытылы төлеп отыр. Алайда, қоныс тойын тойлағандардың айтуынша, пәтерден кемшіліктері анықталған. Әсіресе арбаға таңылған жандарға қиын соғып тұр. Олар есік ойықтарының тым тар екеніне, ал орнатылған пандустың мүлдем қолайсыздығына және қыста қауіпті болуы мүмкін екеніне шағымданып жатыр.
"Бұл электрлі пандус қыста қатып қалады. Оны білемін. Одан да жатық етіп, кәдімгі бетоннан жасаған дұрыс еді. Сонда ыңғайлы әрі қауіпсіз болар еді", - деді Серік Құлмырза.
Қалалық құрылыс бөліміндегілер тұрғындардың газсыз қалуы салғырттықтан емес деп сендірді. Қазір мамандар газ құбырын тексеріп, жүйені міндетті сынақтан өткізіп жатыр.
"Қазір газ құбырын сығымдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жүйенің қауіпсіздігін тексеру үшін қажет. Сынақ жұмыстары толық аяқталғаннан кейін газ беріледі. Жоспар бойынша бұл тамыздың аяғына дейін жүзеге асуға тиіс", - деді Ақтөбе қаласы әкімдігі құрылыс бөлімінің бас маманы Сапармұрат Баймұратов.
Ал тұрғындар әлі де күтуге мәжбүр. Әкімдіктегілер көпқабатты үйлердің әлі де кепілдік мерзімінде екенін, демек, мердігер барлық құрылыс кемшіліктерін өз есебінен жоюға міндетті екенін еске салды.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу