Ақтөбе тұрғыны банктен хабарлама келгенде интернет алаяқтықтың құрбаны болғанын бір ақ білген

24.06.2026

Zakon.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Полицияға Ақтөбе облысының тұрғыны жүгініп, алаяқтардың құрбаны болғанын хабарлаған. Оның айтуынша, ол Instagram әлеуметтік желісінде 1 млн теңге көлемінде несие рәсімдеуге көмектесу туралы жарнаманы көріп, көрсетілген сілтеме арқылы өткен. Кейін WhatsApp мессенджері арқылы хат алмасу барысында белгісіз адам өзін несие рәсімдеуге көмектесетін маман ретінде таныстырып, жәбірленушіден жеке деректерін, жеке куәлігінің фотосуретін, жеке басын растау үшін өз фотосын және SMS арқылы келген растау кодын жіберуді сұраған.

"Қажетті мәліметтерді алғаннан кейін күдікті байланысқа шықпай қойған. Арада бір ай өткен соң жәбірленуші өзінің атына микроқаржы ұйымдарының бірінен рәсімделген несие бойынша төлем жасау қажеттігі туралы хабарлама алған. Келтірілген материалдық шығын көлемі 260 мың теңгені құрады. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Ол Ақтау қаласының 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде", делінген хабарламада.

Ақтөбе облысы полиция департаменті азаматтарды цифрлық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Ешқашан бөгде адамдарға SMS-кодтарды, жеке деректерді және құжаттардың фотосуреттерін жібермеңіздер. Сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі күмәнді сілтемелерге өтуден сақ болған жөн.

Бұған дейін Қостанайда "төмен бағамен пәтер сатып алуға көмектесемін" деп жұрттың 30 млн теңгесін қаққан әйел сотталғанын жазғанбыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью