Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Ақтөбе облысында 2022-2025 жылдары аралығында 2 600-ден астам жер учаскесін бөлу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 400-ге жуығы былтыр берілді. Бәрі де аудандарда. Атап айтқанда Әйтеке би ауданында 21, Ырғызда 20, Қарғалыда 24, Қобдада 7, Мәртөкте 28, Мұғалжарда 42, Темірде 8, Хромтауда 76, Шалқарда 120, Ойылда 48 адамға 10 сотық жер үлестірілді.
- Азаматтарды 10 сотық жер учаскесімен қамтамасыз ету үшін белгіленген орынға инженерлік желілер тартылуы тиіс. Болжанған тұрғын алаптарды инфрақұрылыммен қамту белгілі бір уақыт пен қаржы ресурстарын қажет етеді. Осыған орай 2026 жылы Ақтөбе облысы бойынша жер учаскелерін кезең-кезеңімен бөлу жоспарланып отыр. Жыл басынан бері 42 жер учаскесі (Әйтеке би-2, Ырғыз-3, Қобда-1, Мұғалжар-9, Темір-3, Ойыл-17, Хромтау-7) табысталды. Бүгінгі таңда Ақтөбе облысы бойынша жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін арнайы кезекке тұрған азаматтардың саны жыл сайын өсіп жатыр. Қазіргі 205 130 азамат тіркелген, - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Ақтөбе облысында күні бүгінге дейін жеке тұрғын үй құрылысына 50 355 жер учаскесі берілген. 2022 жылы кезек электронды форматқа ауысты. Содан бері 2 618 мың адам 10 сотық жерді иеленді.
Айта кетейік, Ақтөбе қаласында жер телімін беруге мораторий қанша уақытқа созылатыны белгісіз.