Ақтөбеде 102 адам тамақтан уланды: Полиция қылмыстық іс қозғады

23.06.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Фото: Depositphotos.сom

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мұғалжар ауданында банкетке қатысқан адамдар тағамнан уланып, ауруханаға жеткізілді. 

Құқық қорғау органдары Қылмыстық кодекстің 304-бабы – «Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ведомствоның мәліметінше, тергеу шеңберінде оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады», делінген хабарламада.

Түркістанда 22 адам сушидан уланып қалды

Медициналық көмекке қатысты алғашқы өтініштер 19 маусым күні түскен. Жалпы саны 102 адам денсаулығының нашарлағанына шағымданған. Олардың 34-інде сальмонеллез ауруы анықталған.

Зардап шеккендердің барлығы «Тұмар» мейрамханасында өткен банкетке қатысқан. Қазіргі уақытта өңірлік денсаулық сақтау басқармасы эпидемиологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында 19 адам дәмханадан суши жеп, уланып қалған еді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью