Ақтөбеде 12 адамның өмірін қиған жол апаты: екі адам ауруханадан шықты

04.11.2025

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АЛМАТЫ, 4 қараша – Sputnik. Ақтөбе облысында қайғылы жол апатынан зардап шеккен екі науқас ауруханадан шықты, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Екі науқас жазылып, ауруханадан шығарылды, үш науқас стационарда емделіп жатыр.

"Олардың ішінде: баланың жағдайы өте ауыр. Ересектердің біріне ота жасалды, екіншісі емдеудің толық көлемін алғаннан кейін аман-есен ауруханадан шығарылады", - дейді ведомство.

Еске сала кетейік, 23 қазанда Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болып, 12 адам көз жұмды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью